+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Халық ертегілері кейіпкерлері бойынша сурет сайысы өткізілді

2020 жылдың 11 наурыз күні «Бір кітап – бір сурет» жобасы аясында «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залында халық ертегілері кейіпкерлері бойынша сурет сайысы өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық мәдениет құндылықтарын жаңғырту мен қатысушылардың тапқырлығы, шеберлігі, сондай-ақ, танымдық қабілеттерін айқындау мақсатында өткізілген сайысқа онға жуық балалар залының тұрақты оқырмандары қатысып, ертегілерден алған әсерін суретке салу арқылы жеткізуге тырысты.