+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мәртебелі поэзия мінбері»

Екі айға жуық көлемінде әр бейсенбі сайын тұрақты түрде «Мәртебелі поэзия мінбері» поэзиялық бағдарламасы өтуде. Бүгінгі «Мәртебелі поэзия мінбері» ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің және Мәдениет саласының үздігі ақын, жазушы, сазгер, Арыс ауданының Құрметті азаматы Темірхан Әбдіковтың шығармашылығына арналды.
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысы Мыңбаев Рашид Темірхан Әбдіковты қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапаттап, абырой мен мәртебеңіз әрдайым биік, мемлекетімізге қосар үлкен үлесті еңбектеріңіз бен әрбір бастамаларыңыз еліміздің игілі мен болашағы үшін жемісті болсын!- деп ізгі тілегін білдірді.
С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің оқушылары Ерғали Асқар, Рүстем Жания Абай Құнанбаевтың жырларын жатқа айтты. Саз колледжінің студенттері Есімхан Жасұлан, Тұрабекова Камшат «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Татьянаның хаты», Арыс қалалық Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің шәкірті Арман Абдрахман «Сегіз аяқ» атты әнін орындады.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің І -курс студенті Ережеп Назерке, Арыстық ақын Нұржамал Байжұманова ақын Темірхан Әбдіковтың жырларын жатқа айтты. Арыс қалалық Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің ұстазы Мэлс Мырзатаев «Отырар», Қыстаубай Анарбек «Сарбаздар», «Ауғаныстан» атты әндерін орындады.
Сонымен қатар, белсенді қатысқан оқушылар мен студенттер алғыс хатпен марапатталды.