"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен "Жас түлек" жастар клубының отырысында "Шымкент – 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы" атануына орай, "Шымкент – сүйікті қалам" атты пікірлесу кеші өтті.
Іс-шара барысында №78 жалпы орта мектеп оқушылары Шымкентке арналған жырларды жатқа оқыса, Жамал Омарова атында №1 саз мектебінің оқушысы Бексұлтан Сағатбек күй тартты. Сонымен қатар, "Гүлшен" домбыра ансамблінің өнерпаздары күй тартып, өз өнерлерін көрсетті. Ұйымдастырушы кітапханашылар жыр оқып, кештің әсерлі өтуіне өз үлестерін қосты.