«Өресі биік өр тұлға»
2017 жылдың 10 тамызы күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында режиссер, драматург, театр қайраткері Ж.Шаниннің туылғанына 125 жыл толуына орай «Өресі биік өр тұлға» атты еске алу кеші өтті.
Кеш қонақтары жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының қызметкерлері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері С.Өтемісов және ҚР мәдениет қайраткері А.Жұмабекова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қ.Рахымбердиева, ҚР мадениет саласының үздіктері К.Есбай, Р.Салова, Ғ.Қасеновалар және біздің кітапханашылар қатысты.
Іс-шара барысында кеш қонақтары өнер қайраткері Ж.Шанин Қазақстандағы тұңғыш ұлт театрының негізін салушы, профессионалдық тұрғыда қалыптастырушы, шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірген ұлы тұлға екендігін жас оқырмандарға әңгімеледі. Оның өмірі мен шығармашылығын айта отырып, өз естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында жас оқырман А.Құрбанәлі кеш қонақтарына арнап «Біздің ауыл» атты халық әнін орындап көпшіліктің көңілінен шықты.