+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қылқалам құдіреті»

2020 жылғы 27 ақпан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Өнер әдебиеттер бөлімінде «Бәрін білгім келеді» арт-студия жұмысының аясында «Қылқалам құдіреті» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Өнер сабағын Шымкент қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің сурет пәнінің мұғалімі Әмірбеков Жәнібек жүргізді. Өз сөзінде өнер иесі «Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы» дей келе, сурет өнері арқылы ғана адам баласы мәдениетті де, қоршаған ортаны да танитындығын жеткізді.
Шараға көркемсурет мектебінің кітапханашысы А.Зулпухарова мен сурет үйірмесінің жас өнерпаздары қатысты.
Кешті Өнер әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі М.Байжанова қорытындалап, қатысушыларға шығармашылық табыстар тілеп, алғыс айтты.