+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мәртебелі поэзия мінбері»

Бүгінгі поэзия мінберінің төріне ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, ақын Гүлнәр Өмірбек жайғасты.
Кеш барысында жастар ақынның жырларын жатқа айтып, шығармашылығы жайында сөз қозғады. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пірімбетов Бастарбек арнайы Құрмет грамотасы мен алғыс хатпен Өмірбек Гүлнәр Есіркепқызын марапаттады. Сондай-ақ, жазушы Мархабат Байғұт, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мыңжасар Асқаров, ҚР мәдениет қайраткері Сая Қасымбек, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар ізгі тілектерін білдірді.