+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ақиқатты іздеу» кітабының тұсаукесері өтті

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында кәсіпкер Тұйғынбек Мәуленұлы Әлжігіттің «Ақиқатты іздеу» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап жаратылыс, өмір, адами болмыс туралы толғаныстардан құралған. Ақын Дулат Сатыбалды кітаптың формасы мен идеялық ізденісі мен стильдік ерекшелігіне терең талдау жасады. Жазушы Мархабат Байғұт кітаптың жан мен тән туралы , қанағат сезімі жайындағы ойларын ерекше бағалап, туындыгерге сәттілік тіледі. Ақын Әмзе Қалмырза талант туралы, қаламгер жайында толғана келе, кітапты оқи келе өзіне ұнаған ойларды пәлсапалық толғаныстар деп бағалайтынын баяндады. Журналист Әбдімәлік Ағабек, ақын Темірхан Әбдіков туындыгермен бала шағынан дос екендігін, оның рухты бастамаларын тілге тиек етті. Кітапхана директоры, ақын Анар Жаппарқұлова кітап жайында өз пікірін білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді. Арыс қаласынан келген азаматтар Тұйғынбек Әлжігітке сый-сияпат жасап,құрмет көрсетті.