+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мәртебелі поэзия мінбері»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» төрінде Қазақстан Республикасы Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Түркістан облстық айтыскер ақындар қауымдастығының төрағасы, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Сайрам ауданының құрметті азаматы, ақын Қабылбек Төретайұлы оқырмандарымен кездесті.
Ақынның жырлары «Қазығұрт - Қайнарбұлақ», «Бас-басына би болғаннан сақтасын», «Жан шуағы», «Қаракөз қалқам», «Арымның алауы», «Найзағай намыс» деген кітаптары жөнінде ой айтып, азаматтық ұстанымы жайында айтылды.
Қаламгерлер ақынның көзқарасы, қоғамдық қызметі жайында ой өрітіп жылы лебізін білдірді.