+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Армысың, Абай әлемі»

Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Армысың, Абай әлемі» атты әдеби коллаж өткізілді. Әдеби коллаж барысында оқырмандар Абайдың өсиет-өнегеге толы өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» әндерін орындады. №78 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Абайдың «Ескендір» поэмасынан үзінді сахналап, Шымкент қалалық оқушылар сарайының «Балауса» және «Шаттық» үйірмелерінің қатысушылары Абайдың орыстың ұлы ақыны И.Крыловтың мысалдарынан аударған «Құмырсқа мен шегіртке», «Қарға мен түлкі» аудармаларынан қойылымдар көрсетті. Сондай – ақ, кітапхана қызметкерлерінің сомдауымен Абайдың ақын болып қалыптасуында ерекше рөл атқарған әжесі Зере, анасы Ұлжан және жары Әйгерімнің образдары көрсетілді. Шараны Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы қорытындылап, белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар тапсырды. Әдеби коллаж аясында арнайы көрме-инсталляция жасалды.