Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты Туризм басқармасының ұйымдастыруымен көне шаһардағы туризм саласын дамыту мақсатында семинар өтті
2020 жылдың 20 ақпан күні Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты Туризм басқармасының ұйымдастыруымен көне шаһардағы туризм саласын дамыту мақсатында семинар өтті. Қала жастары, еріктілер мен экскуросоводтардың қатысуымен өткен семинарда республикалық маңызы бар қала – Шымкентті, оның тарихи маңызы мен мәдени мұраларын әлемге таныту және қаланың өсіп-өркендеуі жолындағы тың тыныстардың ашылуына ықпал ету мәселелері талқыланды.
Алғаш баяндама жасаған Д.Сейтнурова ескі қалашықтан тұрғызылып жатқан цитадель болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандарының біріне айналатындығын сөз етті.
Көне Шымкент қаласының тарихынан баяндамасын бастаған «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері, тарих ғылымының магистрі А.Оралова Әбу-Насыр әл Фарабидің – 1150, ақын Абай Құнанбайұлының - 175 жылдық мерейтойларына орай қала шеңберіндегі іс-шараларға тоқтала келе, ұлы ойшылдардың өмірі мен рухани мұралары жайында тарихи деректермен таныстырды. Шараның соңғы спикері Қ.Шотаева іскерлік қарым-қатынастағы мәдениет мәселесін тарқата айтты.
Семинар-тренинг соңы сұрақ-жауапқа ұласып, өзара пікір алмасу орын алды.