+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ - ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ

2020 жылғы 19 ақпан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Шет тілі әдебиеттері секторының ұйымдастыруымен әлем ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті.
Рухани кеште қатысушылар арасында әлемге мәшһүр ойшылдың нақыл сөздері мен рухани мұрасы дәріптеліп, «Оқсыз» оқиғасы атты тарихи туынды тамашаланды.
Сондай-ақ, қатысушылар әлем ғұламасы Әл-Фараби мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби-шығармашылық мұрасындағы үндестік мәселесі аясында ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы мен шығармашылығы бойынша сауалдарды қамтитын «Сиқырлы балықтар» ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар білімдерін сынауға мүмкіндік алды.