+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

БӘРІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ

2020 жылғы 13 ақпан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер әдебиеттері бөлімі мен Шымкент қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбиешілерінің бірлесе ұйымдастыруымен «Бәрін білгім келеді» арт студия шеңберіндегі үйірмеге қатысушы өнерпаздармен шеберлік сабағын өткізді.
Өнер сабағында қағаз парақтарын желім пайдаланбай бейнені бүктеу арқылы бұйымдар жасады. Өнерге құштар жасөспірімдер жан-жақты технологияны игере отырып, қағазды бүктеп әртүрлі бейнеге айналдырды.
Шара соңына қарай қатысушылар «Қысқы ертегі» тақырыбындағы өнер көрмесін тамашалады.
Ұйымдастырушылар қатысушы барша өнерпаз жас өркендерге алғыс білдіріп, балаларды өмірге де өнерге де құштар болуға шақырды.