+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мәртебелі поэзия мінбері»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» төрінде ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Тіленшина Баян Керімқызыны.
Баян Керімқызы педагогтар отбасында туылған. Қазіргі әкесінің атындағы орта мектепті және 1972 ж. Шымкент педагогикалық институтының физика-математика факультетін үздік бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Білім беру ісінің үздігі», «ОҚО еңбек сіңіргені үшін» медальдарының, халықаралық «Лучшие люди Казахстана» орденінің иегері, ақын Б.Тіленшина шығармашылық кездесуінде өлеңін оқып, прозасының жырлау тарихы жөнінде баяндады.
Кеш «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлованың құттықтау сөзімен ашылды.
Ақынға Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Мыңбаев Рашид Мамытұлы жолдаған алғыс хаты мен сый-сыяпатын тапсырды. Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері ән шырқап, М.Әуезоа атындағы ОҚМУ-інің студенттері ақын өлеңдерінен әдеби композиция орындады.
Кешке ақынның өнерін құрметтейтін зиялы қауым өкілдері, өнердегі достары, әдебиет жанашырлары қатысып, қаламгерге деген жылы лебізін білдірді.