+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Есіңе мені алғайсың!"

2020 жылдың 9 ақпан күні "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасы мен "Дария" дамыту орталығының бірлесе ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдық мерейтойына орай "Есіңе мені алғайсың!" атты музыкалық-поэзиялық кеші өтті.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Қазақ поэзиясының Хантәңірі –Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеште
№69 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері Айнекова Сәуле, Джусупбаева Жұлдыз қазақтың маңдайына біткен аса көрнекті ақынның өлеңдерін оқып, әсем ән тарту етті.
М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, ақиық ақынды еске алу мақсатында ұйымдастырылған кеште кітапхана директорының орынбасары Арыстанова Асылзат Оспанқызы сөз алып, поэзияға жанашыр оқырмандарға алғыс айта келе, іс-шараға белсене қатысқандарды марапаттады.