+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Ұлы даламыздың ұлы тұлғаларының рухани мұрасын оқып, насихаттау бойынша байқау

2020 жылғы 31 қаңтар күні қаламыздағы №90 жалпы білім беретін мектепте әлем ойшылы Әбу-Нәсір Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына орай оқушылар арасында байқау өтті.
Ұлы даламыздың ұлы тұлғаларының рухани мұрасын оқып, насихаттау бойынша байқау негізгі бес бөлімнен тұрды. Қатысушылар қос ғұламаның рухани көзқарастарындағы ұқсастықтарды талдауға тырысты.
Шара соңына қарай қатысушылар марапатталып, Абайдың шығармашылығына арналған кітаптарды сыйға алды.
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының бөлім басшылары С.Байдуллаева мен А.Оралова әділ-қазылар құрамына еніп, байқауды қорытындылады.