+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН ТАҒЫЛЫМ"

«ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН ТАҒЫЛЫМ"

ҚАДІРМЕНДІ ОҚЫРМАН!

Кітапхананың Ғылыми-зерттеу бөлімі 2019 жылдың басынан «ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН ТАҒЫЛЫМ» айдарымен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы құндылығы жоғары еңбектерді насихаттап келеді.
Назарларыңызға кітапхананың сирек кітаптар қорында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 1940 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген латын қарпіндегі шығармалар жинағын оқуға ұсынамыз. ІІІ бөлімнен тұратын хакім Абайдың әдеби мұрасы қамтылған бұл құнды еңбекте данышпанның қара сөздері, тарихи-әлеуметтік мәні жоғары аудармалары енген.
Ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін жаттап, санаға қайта құю рухани жаңғыруымыздың негізі деп түсінеміз.

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ