+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!»

Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдығына орай «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!» атты әдеби сазды кеші өтті.
Кештің ашылуында кітапхана директорының м.у.а Асылзат Арыстанова Мұқағали Мақатаев мұраларының өміршеңдегі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне тоқталып өтті.
«Мұқағали Мақатаевтың ақындығы бір төбе, тұлғалық қасиеті бір төбе. Бәрімізде оның жырларын оқып, жаттап өстік. Хәкім Абайдан бастап, Мағжан, Қасым, Төлеген, Мұқағали сынды ақындарымызды қазақ әдебиетіндегі, қазақ руханиятындағы ерекше құбылыс деп қарауға болады. Осы кешті ұйымдастыру арқылы жас буынның поэзияға деген қызығушылығын, құрметін арттырсақ дейміз. Қарасаздан шыққан қара өлеңнің қара нары атанған ақынымыздың құрметіне арналған әдеби-сазды кеш өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды!, -деді жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зылиха Жантасова.
Бұл кеште ақынның асыл жырлары оқылып, әсерлі әндері орындалып, тыңдарман қауымын поэзия әлеміне саяхат жасатты. Сонымен бірге, ақын жайлы көрермендермен сұрақ-жауап арқылы байланыс орнатылды.
Шараны «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында іс-тәжірибеден өтіп жатқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Ұ.Мүтәлі, Ж.Жұман, Б.Қайым, Д.Қабылбаева ұйымдастырып, белесене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Іс-тәжірибе жетекшілері М.Тұтқабаева, Г.Атемова студенттерге шығармашылық табыс, сәттілік тіледі.