+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мәртебелі поэзия мінбері»

2020 жылы 6 ақпан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» төрінде ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті.
Шара барысында «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова және ақын, Б.Өтеп атындағы өнер мектеп-интернатының директоры Маржан Есжанова ақынға арнау арнап, бүгінгі шығармашылық кешпен құттықтады. Ақынның «Жібек» атты кітабын өзбек тіліне аударған Сағатай Камалқызы, Эркиной Сұлтанова, Зокиржон Моминжанов, Абдугаппар Абдурауов және ақын Қабылбек Төретай, жазушы Мархабат Байғұт кеш иесіне жылы лебіздерін белдірді.
С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің оқушысы Лесбек Алина Абай Құнанбаевтың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өленің оқыды. Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншісі Мөлдір Ізенова «Татьянаның хаты» атты әнін орындады.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің студенттері «Қайтейін», «Тәуелсіздік», «Елім менің» атты ақын Ханбибі Есенқарақызының жырларын жатқа айтты. Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері «Нурикамал», «Алтынай» атты әндерін орындады. Сондай – ақ, ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева «Дос іздедім» атты әнін шырқады.
Сонымен қатар, белсенді қатысқан оқушылар мен студенттер алғыс хатпен марапатталды.