+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Жақсы"

"Дария" дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтіп жүрген ересектер мен оқушылар арасындағы тестілеу өз мәресіне жетті. Тестілеу барысында оза шапқан, жақсы нәтиже көрсеткен қатысушыларға Омар Жалелұлының "Жақсы" кітабымен және қаржылай сыйақы табысталды. Және де іс-шара барысында алдағы уақытта өтетін тестілеуге оқырмандар арасынан комиссия мүшелері сайланатындығы, М.Әуезовтің "Абай жолы" ІV томдық шығармасы жеке-жеке талданып, алдағы тестілеу осы кітап бойынша болатыны айтылды.
Сондай-ақ, "Дария" дамыту орталығының қызметкері Аширалиев Қабылбек әрдайым осындай игі шараларды насихаттауға асық екендігін, ерікті жастар Есмаханов Әділбек пен Сыдықов Айнабек "2020 жыл – Еріктілер жылында" жастардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға ат салысатындығын, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директорының м.у.а. Арыстанова Асылзат рухани азық аламын деушілерге кітапхана есігі әрдайым ашық екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан оқырмандар алдағы ұйымдастырылған тестілеуге өз ұсыныстарын айтып, ойларымен бөлісіп, игі шараның тоқтамауын тілге тиек етті.