+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«АБАЙ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы келелі мәселерді талдау мақсатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұл Тоқаевтың «АБАЙ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында талқылау және осы мақсатқа сай «Абай ілімі және рухани жаңғыру» тақырыбында Қазақстанның педагогокалық академиясының ұйымдастыруымен "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2020 жылдың 29 қаңтар марапаттау рәсімі өткізілді.
Жиынды ҚПА вице-президенті Т.Махалқызы ашып, жүргізіп, ҚР Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «АБАЙ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» мақаласы жөнінде ойымен бөлісті. Сонымен қатар, кітапхананың ғылыми-хатшысы, ф.ғ.к., доцент З. Тұрарқызы Абайтану тарихы жөнінде баяндама жасады.
Ары қарай Қазақстанның педагогикалық академиясының академиялық атағын беру жөнінде іс-шара модераторы, ҚПА-ның президенті Ж.Қ.Төлтебай тақырып бойынша ой қозғап, дөңгелек үстел басындағы қонақтарға сөз беріп, ой- пікірлерімен бөлісті.
Жиын барысында ҚР мәдениет қайраткері, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, журналист, жазушы Күлия Смайылханқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық иегері, ұстаз Анартаева Урипа Сатылғанқызы және Отырар аудандық білім бөлімінің бастығы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы Қазақстанның педагогикалық академиясының Профессоры атағына ие болды.

Құттықтаймыз!..