+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚАЛАМГЕРЛІК ЖОЛДЫ ҚАСИЕТ ТҰТҚАН

Еркінбек Тұрысов әлемнің әйдік қаһармандары Әмір Темір, Шыңғысхан, ұлттың ұлы атасы Бәйдібек баба сынды тарихи тұлғалар өмірінен туған шығармаларын оқырманға арнады. Жазушы шығармашылығы адамзатты сүю идеясынан туындайтын, адамдықты ардақтайтын ұлттық рухани мұра. Еркінбек Тұрысов алтын ұясындай болған, өмірінің соңғы кездеріне дейінгі уақытын өткізген қасиетті шаңырақ «Отырар» кітапханасының әрбір қызметкері мен оқырманына тәрбиелiк-тағылымдық өнегесiн өсиет етiп кеттi.
Жазушының ұрпағына қалдырған асыл мұрасы мәңгi жасай бермек. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Еркінбек Тұрысовтың асыл бейнесiн мәңгiлiк есімізде сақтаймыз.
Жаныңыз пейіште шалқысын… Иманды болыңыз...

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ