+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мәртебелі поэзия мінбері»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жуырда ғана бастау алған «Мәртебелі поэзия мінбері» поэзиялық бағдарламасы өтті. Кеш қонағы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Хамза Көктәнді (Әмзе Қалмырзаұлы).
Кеш жүргізушісі ақын, журналист Нармахан Бегалы Әмзе Қалмырзаұлының шығармашылық әлеміне тоқталды.
Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінің 9 «Б» сынып оқушылары Абай Құнанбаевтың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» атты өлеңдерін оқыды. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің студенттері «Иірім», «Түркістан», «Арыс» атты ақын Әмзе Қалмырзаұлының жырларын мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері «Қуанышым қазынам», «Әттең-ай, әттең жүрегім жалғыз» атты халыққа кеңінен таңылған әнін орындады.
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысы Мыңбаев Рашид Мамытұлы бүгінгі кешпен құттықтап, шараға белсенді қатысқан оқушылар мен студенттерді алғыс хатпен марапаттады.