+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мейірімділіктің тосын сый күні»

2020 жылғы 29 қаңтар күні Шымкент қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің психолог мамандары кітапханашыларға арналған кәсіби біліктілікті арттыру сабағында «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы ұжымына «Мейірімділіктің тосын сый күні» тақырыбында кездесу өткізді.
Психологиялық тренингте сұрақтарға белсене жауап берген кітапханашылар командалық жұмыста бар мүмкіндіктерін сынады. Аталмыш психологиялық сағаттың ұжымдағы қызметкерлердің қарым-қатынасын нығайту, өзара тиімді қарым-қатынас орнату, жалпы командалық рухты қалыптастыру және ауызбіршілікті дамытуда маңыздылығы зор.