«Өмірде де, өнерде де қаһарман»
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2017 жылдың 13-ші тамыз күні ұлт рухына қызмет етуші, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен «Өмірде де, өнерде де қаһарман» атты кездесу кеші өтті.
Бұл рухани кездесу кешіне оңтүстік өлкенің жалпы зиялы өкілдері, Отырар ауданы әкімдігі, кітапханашылар, мектеп оқушылары мен жалпы поэзияға құштар оқырман қауым қатысты.
Ақынды кітапхана фойесінен «Әжелер» тобы «Отырардағы той» әнімен қарсы алды. Ақын шығармашалығына арналған кітап көрмесі ерекше көзге түсті. Іс-шараны отырарлық ақын Ж. Нәлібаева жүргізді.
Аталмыш рухани кездесуді Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов кіріспе сөзімен ашып, ұлт жыршысына жылы лебізін танытып, құрмет жасады. Халық ақыны Әселхан Қалыбекова мен жазушы Еркінбек Тұрысовтар кеш иесіне құттықтау сөздерін арнады.
Отырар ауданы әкімі биыл тоқсан жасты еңсергелі отырған жазушы, тарихшы Е.Тұрысовтың иығына зерделі ұлттық шапан жауып, қаламгерге шығармашылық табыстар тіледі.
М. Шахановтың өлең жолдары оқушылар балалардың орындауында көпшілік назарына ұсынылды. Оқу залының кітапханашылары ақын ағаға оқырмандар атынан жыр шашуын шашты. Ш. Уәлиханов атындағы мектептің түлектері Гүлсана мен Әмина ақынның бүкіл поэмаларын жатқа біледі екен.
Ақын, дмаматург қалың оқырман қауымның көрсеткен құрметіне ризалшылығын білдіріп, көпшіліктен келіп түскен сауалдарға жауап беріп, кеш мазмұнын арттыра түсті.
Дәстүрлі әнші Мұхтар Асановтың орындауында Мұрат Әуезовке арнаған ақынның «Мені неге Мұхтар қойған?!» атты балладасы шырқалды.
Аталмыш іс-шара ҚР мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаеваның орындауындағы «Отырар кітапханасы» әнімен қорытындыланды.
Отырардың көне тарихынан сыр шертер көрме жасалынып, мұражай ұжымы «Экспо-2017», «Түркістан 2017 жыл – түркі мемлекеттерінің мәдени астанасы», «Отырар – Қазақ өркениетінің алтын діңгегі» тақырыптарына арналды.