+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ғұламаның еңбектерін насихаттау мақсатында іс-шара өткізілді

2020 жылдың 27 қаңтар күні Шымкент қаласындағы Инновациялық-технологиялық колледжінде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай "Рухани жаңғыру" аясында ғұламаның еңбектерін насихаттау мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында ойындар, авторлардың шығармалары мен өмірбаяндарын білу квест-ойындары ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға кітапхана қызметкерлері белсене ат салысып, әл-Фарабидің еңбектеріне арналған авторлардың жинақтарынан "Әл-Фараби және оның рухани мұрасы" атты кітап көрмесін жасақтады.
Әл-Фараби 200-ден астам шығарманың авторы. Олар – трактаттар мен философиялық еңбектер, музыка және поэзия.