+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Сағыныштан тұрады тіршілігім..."

2020 жылдың 25 қаңтар күні Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектепте ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының Басқарма мүшесі Қасымхан Бегмановпен кездесу кеші өтті. Кеш барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдері ақынның шығармаларынан үзінділер оқып, өлеңдері мен әндеріне талдау жасады.
Сонымен қатар, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері кеш иесінің туындыларынан "Сағыныштан тұрады тіршілігім..." атты кітап көрмесін ұйымдастырды.