+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Әдеби кинозалда»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Шет тілі әдебиеттер секторының ұйымдастыруымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайту мақсатында Қазақ Хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай «Әдеби кинозалда» қазақ халқы тарихының төрінен орын алатын дара тұлға Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» фильмін оқырмандар назарына ұсынды.
Фильм аяқталғаннан кейін қатысушылар фильмнің сюжеті мен бас кейіпкерлері туралы ойларын ортаға салды. Әр қатысушы өз талғамы бойынша фильмді талдады.