+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мәртебелі поэзия мінбері»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ашылған «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының Басқарма мүшесі Қасымхан Бегмановтың шығармашылығына арналған поэзиялық кеші өтті.
Кешті ақын, журналист, аудармашы, «Құрмет» орденінің иегері Нармахан Бегалыұлы жүргізді. Іс-шара барысында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ғалия Шарафиева жобаның маңыздылығы мен мақсатына арнайы тоқталып, Қасымхан Бегмановқа жылы лебізін белдірді. Қалалық, облыстық, республикалық жыр байқауларының жүлдегері атанған оқушылар мен студенттер Қ.Бегмановтың өлеңдерін жатқа айтып, қала әкімінің орынбасары Е.Садырдың алғыс хатымен марапатталды.