+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«GALAMSHAR ADEBIETI – GLOBAL LITERA»

Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әлем Халықтары Жазушылар одағының президенті Кайрат Дуйсен-Парманның «GALAMSHAR ADEBIETI – GLOBAL LITERA» дүниежүзілік әдебиет және өнер альманах журналының таныстырылымы өтті.
«GALAMSHAR ADEBIETI – GLOBAL LITERA» әдебиет және өнер журналы – Жер шарының 94 елінде өкілдері мен мүшелері бар Әлем Халықтары Жазушылары одағының 20 тілде тұңғыш рет жарық көрген халықаралық басылымы.
Журналға 55 елдің, 255 авторының туындылары енген. Оның ішінде «Қазақ әдебиетінің жауһарлары» айдарымен Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштеріндегі өлең жолдарынан бастап, Әбділдә Тәжібаевқа дейін 14 автордың, «Қазақ әдебиеті» айдарымен 57 автордың және орыс тілінде Қазақстандық 4 автордың түрлі жанрдағы шығармалары топтастырылған.
Таныстырылымға «Әлем Халықтары Жазушылары Одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті, GALAMSHAR ADEBIETI GLOBAL LITERA” әдебиет және мәдениет альманах журналының редакторы әрі идея авторы Кайрат Дуйсен-Парман қатысты.
Кешті ҚР мәдениет қайраткері, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, журналист, жазушы К. Адарбекова жүргізді.
Журнлистер С.Нұрмағамбет, Ф.Жунисова, Ә.Әлім, қаламгер Ә. Көшеров құттықтау сөз сөйледі.
Журнал жайында жазушы, ф.ғ.к., доцент, Отырар Кітапханасының ғылыми хатшысы З.Жантасова пікір айтты.