Қаратау бөктерінде әдебиетке құштар, табиғаты ерекше жаратылған белгілі жазушы, драматург, Халықаралық әдеби» Алаш» сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысов шығармаларының қай-қайсысы болмасын Қаратау өлкесінің топырағынан, тарихынан нәр алады. Қаламгердің көзі жұмылар сәтіне дейін ізденіп, оқырман назарына ұсынған туындыларының барлығынан оның туған жерге деген ыстық махаббатын, жан жылуын сезінбеу мүмкін емес.
Бүгін жазушыны тәбәрік тұтар оқырмандары «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы Еркінбек Тұрысов атындағы музей-кабинетке келіп, жазушы туралы естеліктер айтып, рухына арнап Құран бағыштады.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ