+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлы даланың ежелгі өнері»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастардың өз тарихына деген мақтаныш сезімін арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы өнер бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе 2020 жылдың 19 қаңтар күні «Қылует» — этномузейіне «Ұлы даланың ежелгі өнері» атты саяхат жасады.
Саяхат барысында оқушылар «Қылует» — этномузейінің авторы, этно-дизайншы, сазсырнайшы, қобызшы және фарабист, Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесіп, үлкен әсер алғандарын жеткізді.
Этнограф – Кендебай Қарабдалов оқушыларға «Қылует – этномузейінің» тарихы мен қазақтың ежелгі мәдениеті жайында кең мағлұмат беріп, қолөнер жұмыстарымен таныстырып, 20-ға жуық қолдан жасаған аспаптарында әуендетіп, өнерлерін көрсетті.