«2030 жылға дейінгі гендерлік саясат»
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Аналар кеңесінің «2030 жылға дейінгі гендерлік саясат» концепциясының облыстық деңгейде жүзеге асырылуы жөнінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды.
Мәжіліс барысында елімізге енгізілген жобаның жүзеге асырылу қарқыны, отбасы және неке, нәзік жандардың психологиялық жай-күйі, зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау себеп-салдары және т.б. мәселелер талқыланып, әлеуметтік зерттеулердегі статистикалық көрсеткіштер жайлы сөз болды. Басқосуға «Отырар» облыстық кітапханасының директоры К.С. Айдарбекова, Әйелдер кеңесі төрайымы Б. Жолдасова, «Нұр Отан» партиясы әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Есімова аталмыш мәселеге қатысты өзіндік ой-тұжырымдарын баяндады.
Іс-шара соңына қарай қатысушылар арасында белсенді пікір-талас орын алды.