2020 жылғы 22 қаңтар күні қазақ халқының бағына біткен тұлға, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Көрме орталығында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбында поэзия кеші өтті.
Рухани кеште «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Ғылыми-зерттеу бөлімі «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесін жасақтап, зиялы қауым мен жалпы оқырман қауымға таныстырды.
Кітапхана қызметкерлері әдебиет сүйер жастарға ұлы ақынның еңбектерін көбірек оқып, насихаттау керектігін жеткізді.