+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЕРІКТІ БОЛУ – ЕРЛІКПЕН ТЕҢ

2020 жылдың 21 қаңтар күні "Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен "2020 жыл – Волонтерлер жылы" аясында "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "ЕРІКТІ БОЛУ – ЕРЛІКПЕН ТЕҢ" тақырыбында еріктілер және кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен форум өткізілді.

2016 жылы еріктілердің мәртебесін, құқығы мен міндеттерін және мемлекеттік қолдау шараларын бекітетін "Волонтерлік қызмет туралы" заң қабылданды. Осы Заң волонтерлік қызметтің құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаларын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ, оны қолдау шараларын белгілейді.