«Мәртебелі поэзия мінбері»
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өмірлік ұстанымызға айналды. Мемлекет басшысы, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасыр» мақаласы да ұлттық бастауларға оралу керектігін, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту керектігін ұғындырды.
Биылғы Шымкент шаһары – ТМД елдерінің мәдени астанасы. Дүниежүзі бойынша екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің 1150жылдығы, кемеңгер Абайдың 175 жылдығын атап өту көптеген жауапкершілік артумен қатар, жасампаз идея жасауға міндеттейді.
Шымкент қаласында ашылған «Мәртебелі поэзия мінбері» бағарламасы үлкен құндылықтарға қозғау салады, сан жүректерден орын алары анық. Ұрпақ бойына ұлттық мақтаныш ты сіңірер рухани тәрбиені дамытуымыз қажет. Мұндай рухани апаттан құтылудың бірден-бір жолы- баланы жастайынан поэзиямен сусындату.
Өлең әр ұлтта бар. Дегенмен , қазақ фольклорындай бай, құнарлы, көркем туындалар дүниежүзінде жоқтың қасы. Менімше, ұлтымыз жаратылысынан ақын, өлеңдетіп сөйлеу жалпы табиғатымызда ,қасиет-қалыбымызда, өлең өмірімізбен, өзімізбен бірге өріліп жүргендей. «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» поэзиялық бағдарламасының ашылу салтанаты өтті. Кешті ақын, журналист, аудармашы, "Құрмет" орденінің иегері Нармахан Бегалыұлы жүргізді. Қала әкімі Е.Айтаханов жобаның маңыздылығы мен мақсатына арнайы тоқталды. Жазушы, журналист, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Мархабат Байғұт мінберден «еркіндіктің лебі, елдіктің демі сезілсін»деп лебізін білдірді. Айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова жылы лебізін жырмен өрнектеді.Абай жырларын , қарасөздерін оқушылер мен студенттер жатқа оқыды. Қалалық, облыстық, республикалық жыр байқауларының жүлдегері атанған оқушылар мен студенттер қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Пәтуалы сөз, пайымды пікірге ден қоюуға әрқашанда дайынбыз ! деген қала тұрғындарының бұл бағдарламадан күтері мол.