Фарабитанушы ғалым, этнолог Абдулла Жұмашев «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы жазушы-драматург Еркінбек Тұрысов атындағы музей-кабинетке арнайы келіп, жақында дүниеден өткен абыз жазушы туралы естеліктер айтып, рухына Құран бағыштады.
Абдулла Жұмашев жазушымен бір кездесуінде: «Аға, Отырарда Әл-Фараби музейін ашпақшымын. Мен сонау руханият жанашырлары Асантай Әлиев, Өзбекәлі Жәнібековтердің шәкіртімін, сол кісілердің тапсырмасымен келдім» деп өзін таныстырған екен. Сонда жазушы Еркінбек Тұрысов: «О, айналайын» деп, ақ батасын беріп, жәдігер жинаушы ғалымға ғылым жолында жетістіктер тілеп қалыпты.
Елдің ағасы, халықтың құрметтісіне деген інілердің құрметі, рухына тағзымы осылай болса керек.
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы
Ғылыми-зерттеу бөлімі
Сұхбаттасқан: Ақнұр ОРАЛОВА