+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлы Тұранның ұлдары»

"Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы жазушы, драматург, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысовтың музей-кабинетінде ұлы тұлғалардың қолтаңбасымен сыйға берілген кітаптар оқырмандарын күтеді. Солардың бірі мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы Асанбай Асқарұлының өзіндік жеке қолтаңбасымен жазушыға сыйға тартқан «Ұлы Тұранның ұлдары» атты кітабы.
Кітапта автор Тұран – Түркістанның тұрпатты ірі қайраткерлерінің тағдырын тарих болмысымен бірге бейнелеп, олардың тарихтағы орнын анықтап, талдап көрсетеді.
Кітап сүйер қауымды, Тұраннан шыққан ұлы тұлғаларды бағалай білер ұлтжанды азаматтарды аталмыш кітапты оқуға шақырамыз.

Өте құрметті Еркінбек Тұрысұлына.
Қазақтың атақты жазушысының бірі, Елінің ардақты ұлы Асанбай Асқарұлынан
13.VIII.2000 ж.

Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бөлім