«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры жаңа кітаптармен толықты.
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры Ұлттың әдеби мұрасын зерттеумен айналысатын бас ғылыми орталық М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында шығарған «Дала фольклорының антологиясы» он томдығының 5 томы, «Ұлы даланың көне сарындары» үш томдығының 1 томы және «Ұлы дала жауһарлары» бес томдық антологиясының алғашқы 1 томымен толықты.
«Дала фольклорының антологиясы» он томдықтың бірінші то¬мына көне эпос және батырлар жыры енсе, екінші томында «Қырымның қырық батыры» жырлар топтамасы, үшінші томында тарихи жырлар, төртінші томында ғашықтық жырлар, бесінші томында дас¬тандар қамтылған.
«Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясының» 1 томына бұрын-соңды жинақы, жүйелі түрде жарияланбаған Финлян¬дия, Моңғолиядан табылған жазба ес¬керткіштерінің, ежелгі дәуір әдебиетінің исламға дейінгі әдеби жәдігерлерінің ең таңдаулы үлгілері еңген.
«Ұлы даланың көне сарындарына» да таң¬даулы мәліметтер: қазақтың көне музыкалық фольклоры-көне наным-сенім, үйлену және азалау ғұрпының сарындары, балалар фольклоры; дәстүрлі ән өнері - халық әндері және кәсіби әнші-композиторларының туындылары енгізілді.
Кітаптардың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.
Кітаптар мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалын оқырман қауымға арналған.