+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Бір ел – бір кітап - 2020», «Бір қала – бір кітап - 2020»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына таңдалған Ұлы жазушының ұлы туындысы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын және классик жазушы Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты кітабын насихаттау мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Сондай-ақ, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандардың бас қосып, «Бір қала – бір кітап» акциясына Жыл кітаптарын таңдау, талқылау жиыны өтті. Ұлы Жеңістің 75 жылдығының қарсаңында, Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіһам Шілтерхановтың 95 жылдығына орай жазушының үш томдық шығармалар жинағы және Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай жазушы, тарихшы Момбек Әбдіәкімнің «Зобалаң» кітаптары таңдалды.
Құрметті оқырмандар, Жыл кітаптарын ортақтаса оқуға шақырамыз!!!