+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ СӨЗ ӨНЕРІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ

2020 жылғы 15 қаңтар күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бөлімнің ұйымдастыруымен «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясында облыстық Ардагерлер үйінде «Ұлттық сөз өнерінің майталманы» тақырыбында рухани кездесу кеші өтті.
Кештің бас қонақтары айтыскер-ақын, қажы Нұрлан Келдібекұлы Есенқұлов және Бақтияров Нұрлан, Құрасбек Еркебұлан сынды жас талантты дәстүрлі әншілер жүрекжарды арнаулары мен халық әндерін орындап, ардагерлердің алғысына бөленді.
Кітапхана қызметкерлері 2020 жылғы «Бір ел – бір кітап» және «Бір өлке – бір кітап» акциялары аясында таңдалған Жыл кітаптары жөнінде ақпараттық хабар жасап, шығыс ойшылы Әл-Фараби мен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мерейтойлары аясында жоспарланған іс-шаралар жайында мағлұматтар берді.
Шара соңына қарай қазыналы қариялар мен ақ жаулықты аналар рухани әсерлі кештің ажарын ашқан сөз өнерінің майталмандары, сондай-ақ ұйымдастыруға мұрындық болған кітапхана қызметкерлеріне тілектерін айтып, ақ батасын жаудырды.