Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақынның әдеби мұрасын талқылау сабағы өтті
2020 жылғы 16 қаңтар күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақынның әдеби мұрасын талқылау сабағы өтті.
Шарада кітапханашылар ұлы ақынның өнегелі өмірімен балаларды таныстырып, қатысушы оқырмандар ақынның даналығы мен рухани асыл-мұраларын насихаттады. Біздегі мақсат – бала оқырмандарды көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.