+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мархабат Байғұттың жеті томдық "Шығармалар жинағымен" толықты

Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық "Алаш" және "Түркі әлеміне қызметі үшін" сыйлықтарының лауреаты, көрнекті жазушы, проза шебері, публицист Мархабат Байғұттың мемлекеттік тапсырыспен "Керемет медия" баспасынан шыққан жеті томдық "Шығармалар жинағымен" толықты.
Жинақтың алғашқы бес томына әңгімелер мен хикаяттар, алтыншы томына эсселер, жетінші томына толғамдар және пьесалар кірген.
Көпшілік оқырманға арналған шығармалар жинағын оқуға шақырамыз!