+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Оқу әлеміндегі оқырман ұлт"

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өткен "Оқу әлеміндегі оқырман ұлт" атты Халықаралық симпозиумда "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының абонемент секторының меңгерушісі Сәуле Мұхиқызы Бисеитованы еліміздің кітапхана ісіне және рухани байлығын арттыру жолындағы адал еңбегі үшін марапаттады. Кітапхана директоры Күлия Смайылханқызы мен кітапхана ұжымы марапатпен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр отбасына ынтымақ пен бірлік тілейді.