+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Жаңа жыл мерекесі кішігірім форматта аталып өтті

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Жаңа жыл мерекесі кішігірім форматта аталып өтті.
2019 жылдың соңғы күндері жиылған ұжымды кітапхана директорының м.а. Арыстанова Асылзат мерекемен құттықтап, биылғы жылы еткен еңбектеріне алғыс айтып, алдағы жылға толағай табыстар тілеп, ізгі тілектері мен лебізін жеткізді. Сонымен қатар, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми-хатшысы Зылиха Жантасоваға "Әбіш әлемі" атты шығармашылық байқауға белсенді қатысқаны үшін Сертификат табысталды.
Мерекелік шарада ұжым арасында ойындар мен конкурстар ұйымдастырылып, құттықтаулар мен қуанышты, әрі қызықты оқиғалар, әңгімелер айтылды. Ойындарда белсенділік танытып, жұмбақтардың шешімін тауып, оза шапқандар сыйлықтарға ие болды.
Көтеріңкі көңіл-күймен шарада жиылған ұжым қимастықпен тарқасты.

Құтты болсын!

2020 жыл берекесі мен табысы мол жыл болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!