«Ақерке» балалар залының бүлдіршін оқырмандарын мерекемен құттықтады.
2019 жылғы 30 желтоқсан күні Жаңа жыл қарсаңында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреқызы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залының бүлдіршін оқырмандарын мерекемен құттықтады. Тәттілерден мерекелік дастархан жайып, жылы лебізін білдірді.