+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Жастар жылының" жабылуы

Нұр-Сұлтан қаласында "Жастар жылының" жабылуы мен "Волонтерлер жылының" басталуына орай өткен салтанатты іс-шараға кітапханамыздың белді қызметкері, редактор Азат Дидарбек қатысты. ЭКСПО павильондарының бірінде 2 көрме аймағы ұйымдастырылып, "Жастар жылы" аясында жүзеге асырылған "Жобалар аумағы" және "Волонтерлер жылының" тұсаукесер көрмесі өтті. Павильонның бас сахнасында "TED Jastar" форумы өтіп, осы жылы табысқа жеткен жас буын өкілдері көпшілік алдында сөз сөйледі.
Салтанатты шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, мемлекет жастарына алғысын білдіріп, алдағы жылда тынбай еңбек етуіне сәттілік тілеп, "жастар - елдің болашағы" екенін жеткізді.