Мұхтар Шахановтың «Заблуждение цивализации» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді
Шымкент қаласы әкімі Ерлан Айтахановтың қолдауымен, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы және Шымкент қаласы Мәдениет, тілдер және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22 желтоқсан күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақтың әйгілі ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың «Заблуждение цивализации» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.
«Жалын» республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журналының мерейтойы қарсаңында өткізілген шарада жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Мархбат Байғұт, жазушы, «Жалын» журналының бас редакторының орынбасары Құдияр Біләл, "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми хатшысы Зылиха Жантасова және «Отырар алқабы» газетінің бас редакторы Алмас Ақылбек сөз сөйлеп, ерекше ықыластары мен ыстық естеліктермен бөлісіп, оқырманға жол тартқалы отырған жаңа кітап журналды талдап, пікір қалдырды.
Алып тұлға, қоғам қайраткері, ақынның жаңа кітабының тұсаукесер кешінде кітапхананың тұрақты оқырмандары кеш иесінің туындыларынан үзінді оқыды. Сонымен қатар, көпшілік назарына «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар»
атты Мұхтар Шахановтың жинақтарынан кітап көрмесі ұсынылды.
Кездесуді композитор, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Қалдыбек Құрманәлі жүргізді.