+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Жаңа жалдық таңғажайыптар» - «Merry Christmas Magics»

2019 жылғы 23 желтоқсан күні «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясында Шет тілі әдебиеттері секторының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында «Жаңа жалдық таңғажайыптар» - «Merry Christmas Magics» тақырыбында мерекелік шара өткізді.
Мерекелік кеште балалар түрлі тақырыпта жалынды жырларын айтып, ойындар ойнатылды. Кітапханашылар балалардың қызығушылықтарын, сұраныстарын анықтауға тырысып, бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер туралы пікірлері ортаға салынып, сыр-сұхбат орнады.
Кеш соңында «Hobby-market» дүкені ұсынған қайырымдылық заттары балаларға тарту етілді.