«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Ақселеу Сейдімбек, Қуаныш Төлеметов, Таласбек Әсемқұловтың арнайы мүйісі ашылды
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мырзагелді Кемел музей-кабинетінде қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Ақселеу Сейдімбек, Қуаныш Төлеметов, Таласбек Әсемқұловтың арнайы мүйісі ашылды. Мырзагелді Кемел ұстаздары мен тұстас қаламгерлерге деген құрметін осындай игі істермен жүзеге асырды. Идеяны жүзеге асыру барысында өзі демеушілік жасап, қаламгерлердің әр жылдары баспадан шыққан кітаптары мен шығармашылық зертханасын зерттеуге негіз болар қолжазбаларын, бірге жүрген күндерден сыр шертер фото-альбомдарын құрастырып, оқырман игілігіне ұсынды. Мүйістің ашылу салтанатына қаламгерлер, студенттер, ізденушілер қатысты. Идея авторы өз жұмысы мен кабинеттің оқырман игілігіне қызмет етудегі маңызына ерекше тоқталды. Ақын Сатыбалды Дулати, журналист Күлия Смайылханқызы, ақын Бақытжан Алдияр жүрекжарды лебізін білдірді. Кеш соңы аудармашы, қоғам қайраткері, ғалым Мырзагелді Кемелдің де соңғы бір жыл көлемінде баспадан шыққан 12 кітабының тұсаукесер рәсімімен жалғасты.
Ендігі мәселе – жастар ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, зерттеу нәтижелерін ғылыми айналымға ендіруде көптеген жұмыстарды жүзеге асыру.