+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо мен оның жұбайы Ли Цзюнь және кеңесшісі Ван Цзянь арнайы келді

2019 жылдың 18 желтоқсан күні "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Сяо мен оның жұбайы Ли Цзюнь және кеңесшісі Ван Цзянь арнайы келіп, кітапхана жұмыстары мен бөлімдермен танысты.
Чжан Сяо осыған дейін Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Қытай бас консулдығында, Беларусь пен Украинадағы Қытай елшілігінде қызмет еткен.
Сондай-ақ, ол 2011-2013 жылдары Қытайдың Өзбекстандағы елшісі болған. Ал, 2014 жылдан бері Ресейдегі Қытай елшілігінде кеңесші-уәкіл міндетін атқарды.
Кітапханаға арнайы келген делегация жақында ғана Қытай еліне саяхат жасап, тәжірибе алмасып қайтқан жастармен кездесу өткізіп, ашық сыр-сұхбат өткізді. Кездесуді Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев жүргізді.
Сонымен қатар, кітапханаға ізгі лебізін білдірген елшіге қала әкімдігінің атынан "Жаһан таныған жеті тұлға" кітабы сыйға тарту етілді.